$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.11.2024, 21:07
Қоғам

Түркістан облысында алаяқтықпен тұрақты түрде айналысқан әйел анықталды

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Түркістан облысында алаяқтықпен тұрақты түрде айналысқан әйел анықталды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысының бірнеше жайтына қатысы бар әйелді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, күдікті әйел танысының сеніміне кіріп, Алматы қаласынан арзан алтын алдырып беремін деп 160 мың теңге ақшасын алған. Содан қаражатты өз пайдасына жаратқан.

«Полиция қызметкерлері күдіктінің бұдан бөлек 4 бірдей алаяқтық қылмысына қатысы барын анықтады. Яғни жәбірленушілерге «қайтарымсыз грант алып беремін» деп әрқайсысынан 200 мың теңгеге жуық қаражат алған. Келтірілген шығын 900 мың теңгеге жуықтайды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары