01.11.2024, 10:24
Қоғам
Қостанай әкімдігінде 6 млн теңге ұрлаған жаттықтырушы ұсталды
Ол жымқырған ақшасын депозитке салып, тағы да көбейткен
Фото: istockphoto.com
Қостанайда дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғары спорт шеберлігі мектебінің» шорт-трек жаттықтырушысы екі жыл бойы жарысқа баратын балалардың тізімін ұлғайтып көрсетіп, оған бөлінген қаражатты жымқырып келген, деп хабаралайды Azattyq Rýhy.
Ұрланған бюджет қаражатының сомасы 5,9 млн теңгеге жеткен. Кейін ұрланған ақшаны депозитке аударып, тағы да еселеп көбейтіп алған.
«Депозит бойынша пайыздық сыйақы түріндегі жария етілген қылмыстық кіріс сомасы 613,1 мың теңге», - делінген прокуратура хабарламасында.
Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)