31.10.2024, 12:09
Қоғам
Бас прокуратура биыл Қазақстанға 52 адамды экстрадициялаған
Экстрадиция көбіне ТМД елдерінен жасалады, дейді Қойгелдиев
Фото: depositphotos.com
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев биыл Қазақстанға қанша адам қай қылмысы үшін экстрадицияланғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Осы жылы біз 52 адамды экстрадицияладық. Негізінен алаяқтық, ұрлық жасаған, аса ауыр қылмыстар да бар. Жұмыс бұл бағытта жақсы жолға қойылған», - деді ол Сенат кулуарында.
Оның айтуынша, қылмыскерлер көбіне ТМД елдерінен қайтарылады. Дегенмен алыс шетел, мысалы Еуропа елдерінен де экстрадицияланады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
