Педагогтардың ұлттық тестілеу кезінде олардың метал іздеуші құрылғылардың тексеруінен өтпейтінін Министр Асхат Аймағамбетов сеніммен жеткізді
Бұдан алдыңғы мұғалімдерді ұлттық біліктілік тестілеу кезінде орын алған құрылғылар арқылы тексерістен өткізу, смартфондарды тәркілеу, аппеляцияға байланысты проблемалар оқытушылар арасында қызу талқыға түскен болатын. Алайда Білім және ғылым Министрі Асхат Аймағамбетов жоспарлы қараша айының тестілеуі кезінде мұндай мәселелер туындамайтынын жеткізді. Бұл ақпаратты Ұлттық Тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов Facebook парақшасында бөлісіп растады.
«Биылғы педагогтарды тестілеу электронды форматта өтеді. Әріптестеріміздің шағымын ескере отырып, көптеген өзгерістер енгіздік. Рамалы және қол метал іздегіштерді қолданудан түбегейлі бас тартамыз. Тестілеу тарихында алғаш рет онлайн аппеляцияны енгізіп отырмыз. Демек тестілеу аяқталғанан кейін 60 минуттың ішінде тапсырмаларды аппеляцияға беруге болады.Енді аймақтың аппеляция комиссия көмегіне жүгінбейміз. Бұл объективті шешім шығару үшін қажет деп есептейміз»,-деп Дидар Смағұлов тестілеу туралы мәселерді нақтылап түсіндіріп берді.
Айта кетейік, білім саласында жасалып жатқан жаңалықтар аз емес. Вице-премьер Әлихан Смайылов «Педагог мәртебесі» туралы заңын жүзеге асыруға 2,2 трлн теңге қарастырылып жатқанын айтқан болатын.