$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.05.2020, 02:51
Қоғам

2020 жылы 26 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Жұмыс орындары Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында құрылған

2020 жылы 26 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
Фото: ашық жереккөзден

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында (бұдан әрі – ЖҚЖК) 3 096 жобаны жүзеге асыру басталып, олардың ауқымында 26,3 мың жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ЖҚЖК аясында жергілікті атқарушы орындар 6 506 жобаны іске асыруға ұсынып отыр. Оның ішінде 2 410 жоба республикалық бюджет есебінен қолға алынуда. ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру 4 негізгі бағыт бойынша өтеді: әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құрылымдау және салу (2 703 жоба); тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта құрылымдау (1 039 жоба); инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта құрылымдау және салу (1 799 жоба); елдімекендерді абаттандыру (965 жоба)», - деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, ЖҚЖК аясында барлығы 255 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл ретте ЖҚЖК жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға негіз болады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#вакансия #жұмыс