22.10.2024, 14:55
Қоғам
Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні өмірден өтті
Светлана Назарбаева 77 жаста болған
Фото: @yedilovonline телеграм-арнасы
Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы Светлана Назарбаева 77 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Суыт хабар жайлы @yedilovonline телеграм-арнасының авторы Ербол Еділов жазды.
«Светлана Мырзахметқызы Назарбаева 77 жасында дүниеден озды. Орны толмас қайғыға байланысты марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Иманы саламат болсын!»,- деп жазды ол.
Айта кетері, Светлана Назарбаева – бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісінің жұбайы, Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы.
Көп оқылған
12.09.2026, 08:54
Тоқ соқты ма, әлде инсульт па: Атырау облысында медпункт күзетшісі жұмбақ жағдайда көз жұмды
12.09.2026, 20:18
Павлодарда аспаздың қолын қамыр илейтін құрылғы тартып әкетті (ВИДЕО)
12.09.2026, 07:26
Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: бірқатар өңірде жаңбыр жауады
12.09.2026, 06:10
Қазталовтан көлігімен шыққан жолаушы енді Орал қаласына небәрі 5-6 сағатта жете алады