$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2024, 10:45
Қоғам

«Қауіпті құбылыс»: Жазира Байырбекова түнгі 00:00-де туған күн тойлауға қарсы шықты

Әнші бұл бастаманы бүкіл қазақстандықтар қолдаса дейді

«Қауіпті құбылыс»: Жазира Байырбекова түнгі 00:00-де туған күн тойлауға қарсы шықты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Қазақ эстрадасының әнші, «Жанболат пен Жазира» дуэт мүшесі Жазира Байырбекова түнгі сағат 00:00-де туған күнмен құттықтау рәсіміне қарсылық танытып, қазақстандықтардан қолдау сұрады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Әншінің айтуынша, бұл, біріншіден өзгенің тыныштығын бұзатын дәстүр. Екіншіден, құрбы-құрдастарын түн ішінде барып құттықтаймыз дейтін жасөспірімдер үшін қауіпті құбылыс. Осындай аргументтерін ұсынған әнші әлеуметтік желідегі оқырмандарынан бұл бастамасын қолдауды сұрап, қазақстандықтарға таратыңыздар деген өтінішін айтқан.

«Түнгі 00:00 де арнайы барып туған күнмен құтықтағанды сіз болып, біз болып тоқтатайық. Достар, туыстар, сыныптастар арасындағы чаттарға да жіберіңіз. Бұл нәрсе ешкімге ыңғайлы емес. Ұйықтар уақытта алаңдап отыру ешкімге ұнайды деп те ойлаймын. Жәй ғана инстадан көріп, еліктеу арқылы әдетке айналған болу керек. Әсіресе, жасөспірімдер үшін түнде жүру қауіпті», - деп жазған әнші.

Әншінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазылған адамдардың пікірі әртүрлі: бірі Жазира Байырбекованың айтып отырғаны жөн сөз десе, қалғандары жылына бір рет келетін туған күнде адамның көңілі үшін оны құттықтап барған дұрыс деп санайды. 

Айта кетейік, Қазақстанда 2022 жылы қабылданған өзгерістерге сәйкес, кешкі сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін өзгенің тыныштығын бұзған адамдар әкімшілік кодекстің 437 бабы бойынша айыппұл арқалауы мүмкін. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#әнші #қоғам