$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.10.2024, 10:33
Қоғам

Ерейментауда синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана анықталды

Операция барысында есірткінің кезекті партиясын дайындап жатқан Қазақстан азаматы ұсталды

Ерейментауда синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана анықталды
Фото: ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Ақмола облысы бойынша департаменті Ерейментау ауданындағы прокуратура органдарымен бірлесіп, синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Операция барысында есірткі затының кезекті партиясын дайындап жатқан Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тәркіленген заттар арасында шамамен 7 кг «мефедрон» психотропты заты, 100 литрден астам прекурсор, сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіруге арналған зертханалық жабдықтар бар.

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес, тергеу барысында қосымша мәліметтер жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары