$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.10.2024, 06:48
Қоғам

«Кеуде тұсынан ұрған»: Қызылордада оқушыны абайсызда өлтіріп алған жасөспірім сотталды

Оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды

«Кеуде тұсынан ұрған»: Қызылордада оқушыны абайсызда өлтіріп алған жасөспірім сотталды
Фото: istockphoto.com

Қызылордада мектеп оқушысын кеуде тұсынан ұрып, оны абайсызда өлтіріп алған жасөспірім сотталды. Оған қатысты кәмелетке толмаған сотталушыға қатысты абайсызда өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған еді., деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қылмыстық іс Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

«Белкөл кенті орта мектебінің оқушылары тұрғын үйлердің бірінің кіреберісіне жиналған. Сол сәтте сотталушы О. кәмелетке толмаған А.-мен жанжалдасып қалған. Оған кеуде аймағына екі соққы жасап, салдарынан жәбірленуші жүректің рефлекторлық тоқтауы салдарынан оқиға орнында қайтыс болған. Сотталушы кінәсін ішінара мойындады. Сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушіге соққыдан кеуде қуысының жабық жарақатынан жүректің рефлекторлық тоқтауы, жіті жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі жарақаты келтірілгені анықталды», - делінген сот хабарламасында.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған сотталушы О. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. 

Серіктес жаңалықтары