$ 495.95  524.37  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жүйелі түрде ұрып-соққан: Түркістанда күйеуін өлтірген әйел 8 жылға сотталды

Шешім күшіне енген жоқ

Жүйелі түрде ұрып-соққан: Түркістанда күйеуін өлтірген әйел 8 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

«Немолчи. кз» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Түркістанда күйеуінен көп жыл соққы көрген әйелдің соты аяқталғанын жеткізді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

«Лабор (әйелдің аты-жөні) ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Кеше сот тергеуі аяқталып, үкім жарияланды. Ол қауіпсіздігі орташа колонияда болады. Бірақ сот шешімі әлі күшіне енген жоқ. Ол небәрі 50 жаста»,- дейді Дина Таңсәрі.

Әйелі мен балалары 30 жылға жуық уақыт мас адамның таяғынан көз ашпаған. Оның қарыздарын өтеп келген. Шымкенттен 35 шақырым жерде бұл отбасының қалай өмір сүріп жатқанын ауылдастары жақсы білген. Лабор 4 баланың анасы және бір баласының денсаулығында кінәрат бар. Оқиға сәуір айында болған. Талай жыл қорлық көрген әйел кезекті дауда күйеуін өлтірген.

Осыған дейін отбасыға құқықтық көмек керегі жайлы жазған едік.

Серіктес жаңалықтары