13.10.2024, 16:13
Қоғам
Бүркітші Айшолпанға екі бөлмелі пәтер табысталды
Бүркітші қызға пәтер Шығыс Қазақстан халқы атынан берілген.
Видеодан скриншот
Бүркітші Айшолпанға Шығыс Қазақстан халқы атынан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл сый ШҚО-да өткен іс-шара барысында берілді. Бүркітшіге пәтер кілтін облыс халқы атынан президент кеңесшісі Берік Уәли табыстады.
Айшолпан Нұрғайыпқызы пәтер алатынын білмегенін айтып, облыс әкіміне алғысын білдірді. Бұған қоса, бүркітшілердің бірі қыран құсын Айшолпанға сыйға тартты.
Шығыс Қазақстан өңірі Ұлан ауданында “Шығыс салбурыны-2024” халықаралық фестивалі өтті. Фестиваль аясында теңге ілу, жамбы ату, асау үйрету сынды ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр