13.10.2024, 15:10
Қоғам
Саран қаласында әлі жылу жоқ: әкім себебін түсіндірді
Қала тұрғындары әлеуметтік желіде жылусыз отырғанын айтып, шағымданған.
Видеодан скриншот
Қарағанды облысының Саран қаласына әлі күнге дейін жылу берілмеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кейін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов аталған мәселеге қатысты бейнеүндеу жолдады.
«Қазіргі таңда бір қазандық жұмыс істеп тұр. Температура көтеріліп жатыр. Қазір жылу пунктінің орталық желілерінде көрсеткіш 50-ге жетті. Жақын арада бұл жылу үйлерге де жетеді. Өкінішке қарай, бізде жаңа қазандық, ол біртіндеп жылынады. Барлық қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді қала әкімі.
Әкім қолайсыздық үшін тұрғындардан кешірім сұрап, жақын арада пәтерлерге жылу беріледі деп сендірді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды