$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.10.2024, 00:30
Қоғам

Көкшетауда есірткі жеткізумен айналысқан елордалық азамат ұсталды

Аталған баптың санкциясына сәйкес ер адам 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Көкшетауда есірткі жеткізумен айналысқан елордалық азамат ұсталды
Фото: istockphoto.com

Көкшетау полицейлері есірткі жеткізумен айналысқан елордалық азаматты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тамыз айында Ақмола облысының жедел уәкілдері Астана қаласының 43 жастағы тұрғыны өңірге есірткі жеткізетіні жөнінде ақпарат алды. Бұрын ер адам есірткі сатқаны үшін сотталған, алайда болған оқиғадан сабақ алмаған, деп хабарлайды

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның барысында есірткі сатушы қонаққа барған досының пәтерінде ұсталды. Тінту шаралары кезінде ұсталған адамнан 1 келіден астам гашиш табылып, тәркіленді.

«Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 8 қазанда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған баптың санкциясына сәйкес ер адам 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары