Ғани Бейсембаев Ақмарал Әлназарованы Астанадағы мектеп пен балабақшаға шақырды
Екі министр білім ордаларының асханаларын тексерген
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың шақыруымен денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанадағы мектеп директорларымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәлірек айтсақ, министрлер Астанадағы №95 мектеп-лицейі, №84 «Кәусар» бөбекжай-балабақшасы және Астана қалалық мамандандырылған балалар үйіне барған.
«Бұл кездесудің мақсаты - екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау және балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру, білім беру ұйымдарында медициналық қызметті ұйымдастыру, инклюзивті кабинеттер, сондай-ақ педагогтердің денсаулығын сақтау, психологтардың біліктілігін арттыру мәселелері», - деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Ғани Бейсембаевтың айтуынша, президенттің тапсырмасы бойынша былтырдан бері Қазақстанда 1,7 млн оқушы мектепте тегін тамақ ішіп жүр.