$ 503.05  542.99  5.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.10.2024, 07:15
Қоғам

Алматыдағы фитнес-клубта заңсыз жұмыс істеген африкалық азамат ұсталды

Полицейлер оны кезекті рейд барысында анықтады

Алматыдағы фитнес-клубта заңсыз жұмыс істеген африкалық азамат ұсталды
Фото: Алматы қалалық ПД

Көші-қон қызметінің мәліметінше, бір күн бұрын қаладағы мейрамханалардың бірінде Африка құрлығы елдерінің тағы екі азаматы анықталды. Бірі бармен, екіншісі аспаз болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«ПД-нің қабылдап-таратуына үш шетелдік орналастырылды. Жақын арада олар Қазақстаннан шығарылады. Сондай-ақ, заңсыз келушілердің жұмыс берушілеріне қатысты әкімшілік шаралар қолданылады. Естеріңізге сала кетейік, осы күндері Алматыда заңсыз көші-қон арналарын анықтауға бағытталған «Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде», - деп хабарлады, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының басшысы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Спикер, жыл басынан бері Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 15 мыңға жуық шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары