09.10.2024, 23:29
Қоғам
Ауласында есірткі өсірген қызылордалық сотталды
Сотталушыға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
Фото: istockphoto.com
Үйінің ауласында есірткі егіп өсірген 54 жастағы қала тұрғынын қызылордалық полицейлер жедел шара барысында ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тұрғынның үй ауласынан 34 түп сора өсімдігіне ұқсас шөп тәріздес заттары заттай дәлелдеме ретінде алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес жалпы салмағы 3 кг. 630 гр. сора өсімдігі болып шықты.
«Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Соттың үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды