«Тергеуге келмеді»: Астана LRT жемқорлығына қатысты іс сотқа жолданды
Олар тергеуге БАҚ арқылы шақырылған еді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров Астана LRT компаниясының басшыларына қатысты іс сотқа жолданғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Антикор БАҚ арқылы Астана LRT ЖШС Ардан Талғат пен «Астана банкі» мажоритарлық акционері Олжас Тоқтаровты тергеуге шақырды. Осыдан кейін аталған істер алға жылжыды.
«Антикор Олжас Тоқтаров пен Ардан Талғатқа қатысты қылмыстық істі тергеп аяқтады. Тергеу барысында орган аталған тұлғаларды Қылмыстық кодекстің 208 баптың 1-тармағы бойынша тергеуге шақыртты. Олар тергеуге келмеген соң, Антикор күдіктілерді БАҚ арқылы шақырды. Олар Қазақстанда емес. Сондықтан олар сонда да тергеуге келмеді. Қазір олардың ауыр қылмыс жасалғаны сырттай расталды. Қылмыстық іспен танысу жүргізіліп жатыр. 19 қыркүйекте қылмыстық іс сотқа жолданды»,- дейді Бегайдаров.