Қазақстанның мұғалімдері халықаралық жарыста жүлде алды
Ұстаздар Ереванда өткен фестивальге қатысқан
Қазақстанның ұстаздары Ереванда өткен ІІІ Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалінде жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, байқауға Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен жалпы саны 56 педагог қатысқан.
«Байқау «Мұғалім», «Тәрбиеші» және «Психолог/Әлеуметтік педагог» номинациялары бойынша өтті. Қазақстаннан фестивальге өңірлік және республикалық деңгейлерден жеңімпаз болып танылған 6 педагог қатысты. Конкурс қорытындысында Түркістан қаласы НЗМ-нің педагог-психологы Жанна Арынбаева екінші орынға, ал Ақмола облысынан Н.Крупская атындағы мектептің психолог ұстазы Аслан Манатов пен Алматы қаласы РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Гүлнұр Аубакирова үшінші орынға ие болды», - деп хабарлайды министрлік.