Роман Скляр ескі уақыт белдеуін қайтару мүмкіндігі жайлы айтты

Аягөз Құрмаш

Ол оң мен теріс жауапты саралау керек дейді 

Роман Скляр ескі уақыт белдеуін қайтару мүмкіндігі жайлы айтты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр үкіметтегі брифингте уақыт белдеуіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Брифингте журналистер Роман Склярдан азаматтардың көбі ескі уақыт белдеуін қайтарғысы келетінін айтып, осы мәселеге қатысты пікірін сұрады. 

«Бұл өте маңызды мәселе. Қоғамның өзге бөлігі жаңа уақыт белдеуін қолдап отыр. Мысалы, Ташкент Шымкентке жақын жерде орналасқан, онда бір сағат уақыт ерекшелігі болатын, қазір ол жоқ. Олар да біз сияқты уақыт белдеуінде, бірақ ешкім наразылық танытпады. Біреуге ол тиімді, біреуіне ұнамайды. Менен сұраса, мен ерте оянуға бейімделгенмін, маған осы уақыт ыңғайлы. Кейбір танысыма бұл уақыт ұнамайды. Бұл жерде оң және теріс жауапты саралау керек. Күтіп, барлығының пікірін сұрау керек»,- дейді Роман Скляр. 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.