Берік Асылов суицидті насихаттайтын шетелдік сайттарды бақылауға алды

Azattyq Rýhy

Бас прокурор халықаралық деңгейдегі тапсырма берген

Берік Асылов суицидті насихаттайтын шетелдік сайттарды бақылауға алды
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында суицидті насихаттайтын шетелдік сайттарға қатысты халықаралық деңгейде тапсырма бергенін жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Суицидті насихаттайтын шетелдік сайттар бойынша құқықтық көмек көрсету үшін халықаралық тапсырмалар жіберіледі. Тергеу барысында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы мәселені қарастырамыз. Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, бірқатар сараптамалар тағайындаймыз. ІІМ суицидтің барлық фактілерінде ҚК-нің 313-1-бабы белгілерін тексеру тапсырылды. Тергеу барысын бақылауға алдым. Басқа да әлеуметтік желілерде ҚК-нің 313-1-бабы белгілерінің бар-жоғын тексереміз», - деп жазды Асылов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.