«Сізге гүл жіберді»: алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа тәсілін тапты

Azattyq Rýhy

Тәртіп сақшылары ескерту жасады

«Сізге гүл жіберді»: алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа тәсілін тапты
Фото: istockphoto.com

Интернет қылмыскерлер әрдайым түрлі айла-шарғылар ойлап табады. Олар WhatsApp мессенджеріндегі аккаунттарды бұзып үйреніп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алауға сілтеме жасап.

Сіздің туыстарыңыз немесе достарыңыздың атынан қарызға ақша сұрайтын хабарламалар келеді. Көптеген адамдар бұл алаяқтықты байқамай, жалған шоттарға ақша аударып жатады. Сондай-ақ алаяқтар банктердің, ұлттық қауіпсіздік комитетінің, полицияның қызметкерлері ретінде өзін таныстырып, құрбандарын алдап-арбап, мәлімет алады.

«Сізге «тапсырысты жеткізу» деген смс келуі мүмкін немесе қоңырау түседі: гүлге тапсырыс жасадыңыз, растаңыз, сілтеме арқылы өтіп, келісім беріңіз дейді. Осылайша гүлді алу үшін сілтеме арқылы өтуге немесе смс-код беруге ұсыныс жасайды, бұны ешқашан жасауға болмайды. Осылай алаяқтар сілтемелер арқылы жеке деректерге қол жеткізеді», — дейді Қостанай облысы Полиция департаментінің Оңтүстік бөлімінің басшысының орынбасары Дамир Раисов.

Полицияның айтуынша, жыл басынан бері Қостанай облысында 977 интернет алаяқтық фактілері тіркелген. Оның жартысынан көбі облыс орталығында — 575 жағдай.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.