Қосшы жастары референдумға белсенді қатысты

Azattyq Rýhy

Қала бойынша 12 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр

Қосшы жастары референдумға белсенді қатысты
Фото: Қосшы қаласының әкімдігі

Қосшы қаласының жастары бүгін елімізде өтіп жатқан референдумға белсенді ат салысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Қосшы қаласында бүгін таңғы сағат 07:00-ден бастап 12 референдум учаскесі жұмыс істей бастады. Қосшы жастары саяси науқанға белсенді ат салысып жатыр.

Сол жастардың бірі Ербол Абылайхан. Ол Қосшы қаласы Жастар ресурстық орталығының директоры болып қызмет атқарады. Жақында ғана қаладағы ұстаз Мереке Төлемісовамен шаңырақ көтерген болатын. Мереке 3-орта мектепте география пәнінің ұстазы. Жас жұбайлар референдумға да бірге келіп, 743 учаскеде дауыс берді.

«Референдумда өз дауысымызды бердік. Бұл еліміздің болашағы үшін жасалған маңызды қадам. Біз үшін тәуелсіздігімізді нығайту және жарқын болашаққа жол ашу әрқашан басты мақсат болды», -дейді Ербол Абылайхан.

Айта кетейік, Қосшы қаласында бүгін таңғы сағат 7:00-ден бастап 12 референдум учаскесі жұмысын бастады. Референдумның алғашқы қатысушылары учаскелер ашылған сәттен бастап келді. Ең алғашқы қатысушыларға комиссия мүшелері сыйлықтар табыстады. Референдумға ағы буын және жастар өте белсенді қатысуда.

Референдум тәртібіне сай қаланың әрбір тұрғыны жеке дауыс береді. Бюллетень алу үшін өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы қажет. Дауыс беру республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне сәйкес жүреді. Бұл тізімдер учаске аумағындағы тұрғылықты мекенжай бойынша тіркелген азаматтар негізінде әкімдіктер арқылы жасалған. Оған 18 жасқа толған, әрекетке қабілетті, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырмаған Қазақстан азаматтары енді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.