Астананың мәдениет қайраткерлері дауыс берді

Azattyq Rýhy

Әнші, әртіс пен ақын-жазушылар өз учаскелеріне барған

Астананың мәдениет қайраткерлері дауыс берді
Фото: Астана әкімдігі

Бүгін Астанадағы референдум учаскелерінде Майра Ілиясова, Самал Еслямова, Әділ Ахметов, Ерік Жолжақсынов, Ерлан Малаев және басқа да елге белгілі өнер және мәдениет саласының майталмандары дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

«Біздің бүгінгі дауысымыз - ертеңгі күннің іргетасы. Шығармашылық зиялы қауымның өкілі ретінде болашағымызды ақыл, білім мен тәжірибе негізінде құруымыз өте маңызды», - деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова

Ал танымал актер Әділ Ахметовтің айтуынша, қоғамдағы әр адам азаматтық позиция танытуы керек.

Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 07.00-ден бастап Астанада 460 учаске жұмыс істеп тұр, оның 352-сі ашық, 34-і жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде орналасқан.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.