Алматының ұзақ жасаған қариялары референдумда дауыс берді

Azattyq Rýhy

Илья Кудин мен Құлжахан Шариповалар өз таңдауын жасады 

Алматының ұзақ жасаған қариялары референдумда дауыс берді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда ұзақ жасаған қариялар, атап айтқанда, соғыс ардагері, 97 жастағы Илья Кудин мен 86 жастағы Құлжахан Шарипова АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып.

Илья Кудин Жетісу ауданындағы Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері. Егде жасына қарамастан, ол азаматтық борышын өтеу үшін №177 мектеп-гимназиядағы референдум учаскесіне келген.

«Мен 1944 жылы майданға шақырылдым және Қиыр Шығыстағы Квантун армиясын жеңуге қатыстым. Осыдан кейін қоғамның пайдасына жұмыс істедім. Халқымыздың бүгінгі шешіміне көп нәрсе байланысты екенін айтқым келеді», - дейді ардагер.

Он немересі мен 9 шөбересі бар 86 жастағы Құлжахан Шарипова да №177 мектеп-гимназиясындағы №356 референдум учаскесінде дауыс берді.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейдегі  №388 референдум учаскесіне келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс беруге қатысты. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.