Заң бұзу фактілері тіркелген жоқ - Үлкен ауылында халықтың 70 пайыздан көбі дауыс беріп үлгерді

Темірхан Айжан

Алматы облысында барлығы 643 референдум өткізу учаскесі жұмыс істеп тұр

Заң бұзу фактілері тіркелген жоқ - Үлкен ауылында халықтың 70 пайыздан көбі дауыс беріп үлгерді
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылындағы №332 референдум учаскесінде тұрғындардың 70 пайыздан астамы дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үлкен ауылының тұрғындары референдумға қатысуда жоғары белсенділік танытып отыр. Сағат 14:00-ге дейін ауыл тұрғындарының 775-тен астамы дауыс беріп үлгерді.

«Бүгін біз референдумның қазақстандықтар үшін маңыздылығын байқап отырмыз, сайлау учаскесінде бәрі әдеттегідей өтіп жатыр, ешқандай заң бұзу фактілері тіркелген жоқ», - деп атап өтті Үлкендегі референдум учаскелік комиссиясының төрағасы Әлия Үкібаева.

Алматы облысында барлығы 643 референдум өткізу учаскесі ашылып, жұмысы тоқтаусыз жалғасып жатыр. Республикалық референдумды өткізуге 655 референдум комиссиясы қатысады, оның ішінде облыстық және 11 аумақтық комиссиялар бар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.