Қызылорда облысында ұлттық киім киген батыр аналар дауыс берді

Автор: Аягөз Құрмаш

Алтын құрсақты аналар қаладағы референдум учаскесіне бірге барған 

Фото: Өңірлік комуникациялар қызметі

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылында алтын құрсақты батыр аналар №109 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сонымен қатар, ауданның ардақты аналары бұдан басқа да референдум учаскелерінде бой көрсеткен. 

Еске салсақ, референдумның алғашқы нәтижелері бойынша 2,1 млн адам дауыс беріп үлгерген. Ол жалпы тізімдегі адамдардың 17,79 пайызын құрайды.