$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева референдумда дауыс берді

Ол халық референдумға белсене қатысып жатқанын айтты 

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева референдумда дауыс берді
Фото: Azattyq Ruhy

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева референдумға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«АЭС салу мәселесі - саяси мәселе емес болса да, бұл экономикалық тұрғыдағы мәселе. Бұл ертеңгі еліміздің дамуына бірден-бір ықпал ететін науқан. Осы мәселеде ең бастысы халқымыздың дауысы маңызды. Өйткені қоғамда әртүрлі пікірлер болғаннан кейін мемлекет осы референдумды жасауға қадам басты», - деді Балаева.

Балаева мұндай науқанға бейжай қарамау керегін айтады.

«Мен де осы елдің азаматы ретінде дауысымды бердім. Меніңше, ауыл тұрғындары болсын, қала тұрғындары болсын, жалпы азаматтар белсенді дауыс беріп жатыр. БАҚ-тан шет елдегі азаматтарымыздың да белсенділігін көріп жатырмыз. Үлкен ауылының адамдары да осы науқанға қатысып, белсенді дауыстарын беріп жатыр. Сондықтан бұл біз үшін өте маңызды, тағдыршешті мәселе. Әр адам оған немқұрайлы қарамай, өзінің дауысын беруі керек», - деді Балаева.

Серіктес жаңалықтары