06.10.2024, 09:37
Қоғам
Қызылордада термеші-жыраулар референдумда ерекше дауыс берді
Термешілер учаскеде жырдан шашу шашты
Фото: Azattyq Rýhy
Бүгін республикалық рефрендумда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округіндегі №109 сайлау учаскесінде ақын-жыраулар дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Халық аузында «Сыр елі – жыр елі» деп танылған Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Тұрмағамбет ауылы даңқты жырауларымен танымал. Бұл өлкеден Ешнияз сал, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет, Шораяқтың Омары, Жиенбай жырау сияқты даңғайыр ақын-жыраулар шыққан.

100 жырау шыққан өнерлі өлкенің тұрғындары да бүгін республикалық рефрендумда дауыс беруде.
Учаскеде дауыс беруді ауылдың жыраулары бастады. Зәуре Кәрібаева, Дінислам Тоқсанбаев бастаған термешілер жырдан шашу шашты.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)