Батыс Қазақстан облысының тұрғындары референдумға белсене ат салысып жатыр

Azattyq Rýhy

Облыс тұрғындарының референдум учаскесіндегі қарасы көп

Батыс Қазақстан облысының тұрғындары референдумға белсене ат салысып жатыр
Фото: БҚО әкімдігі

АЭС салуға қатысты референдумда Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының белсенділігі ерекше көрініс тапты. Дауыс беру күні тұрғындар өз құқықтарын пайдаланып, болашақтары үшін маңызды шешім қабылдап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тұрғындардың дауыс беруі - демократиялық процесстің негізі.

«Биыл референдумда тұрғындар арасында қоғамдық талқылаулар, ақпараттық науқандар және кездесулер өтіп, әрбір азаматтың өз дауысының маңыздылығын түсінуіне мүмкіндік берілді. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен жергілікті ұйымдар дауыс берудің маңыздылығын түсіндіру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырып, тұрғындардың сайлауға деген қызығушылығын арттырды. Нәтижесінде, сайлаушылардың белсенділігі өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өскен. Орал қаласындағы референдум учаскелеріне келіп жатқан азаматтар саны көп. Учаске іші мен сырты адамға толы. Әрқайсысы өз пікірін білдіргісі келеді», - деп хабарлайды БҚО әкімдігі.

Қаладағы №268 референдум комиссиясының төрағасы Алтынгүл Қайырлыеваның айтуынша, бұл учаскеге 1421 адам тіркелген.

«Біздің сайлау учаскесінде 1421 адам тіркелген. Батысқазақстандықтар референдумға белсенді атсалысып жатыр. Әртүрлі ұйымдардан бірнеше бақылаушы жұмыс жасап жатыр. Барлық сайлау нормаларын қатаң қадағалаймыз,-дейді Алтынгүл Қайырлыева.

Басқару органының жұмысына тұрғындардың қатысуы - қоғамның тұрақты дамуының негізі. Сайлаушылардың жоғары белсенділігі, өз пікірлерін ашық білдіруі мен саясатқа араласуы - болашақта жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Облыс тұрғындарының дауыс беру процесіне белсенді қатысуы - елдің демократиялық дамуының кепілі. Сайлаушылар өз дауысы арқылы қоғамдағы өзгерістерге ықпал етіп, еліміздің болашағын бірге қалыптастырып жатыр деуге болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.