Ұзынбұлақ ауылындағы референдум учаскесі бес ұрпақтың таңдауына куә болған
Алматы облысы Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылындағы №573 референдум учаскесінде 103 жастағы Күлпара Шортанова ұрпағымен келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ғасырдан ұзақ жасаған кейуана референдум учаскесіне 85 жастағы ұлы, 50 жастағы немересі мен 25 және 18 жастағы екі шөбересін ертіп келген.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС салуға қатысты жалпыұлттық референдум өтіп жатыр. Онда 12 миллионнан астам адам дауыс беруге құқылы.