Сырдарияда 103 жастағы ардагер жасына қарамастан, референдумнан тыс қалған жоқ

Azattyq Rýhy

Жалпы, Қызылорда облысында 380 референдум учаскесі бар

Сырдарияда 103 жастағы ардагер жасына қарамастан, референдумнан тыс қалған жоқ
Фото: өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысы Сырдария ауданында 103 жастағы ардагер референдум учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, ғасыр жасаған Яхия Тасыров референдум күні алғашқылардың бірі ретінде өз учаскесінде бюллетень алып, дауыс берген. Қария бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, комиссия мүшелеріне ақ батасын берді.

«Біз қазақ «алға тартқан озады, кейін кеткен тозады» деген тәмсілге бас иген халықпыз. Бірлік әрқашанда маңызды. Ел үшін өзекті істерге үлес қосуымыз керек. Сондықтан, әрбір саяси науқан кезінде өз таңдауымды жасаймын. Мемлекеттің дамуы келешегіміз үшін қажет. Ұрпақтарымыз аман болсын», - деді майдангер.

Айта кетейік, аймақта 380 референдум учаске бар. Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады. Түскі 12.00-ге дейін азаматтар үйден дауыс беруге өтініш қалдыра алады.

Өңір бойынша 492 380 тұрғын дауыс беретіндердің тізіміне енген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.