$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.10.2024, 09:11
Қоғам

Референдум: Тоқаев АЭС-ті кім салады деген сұраққа жауап берді

Президент АЭС салу жөніндегі референдумда дауыс берді

Референдум: Тоқаев АЭС-ті кім салады деген сұраққа жауап берді
Фото: @qazaqstantv

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берген соң, брифингте журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БАҚ өкілдері президенттен референдум қорытындысы бойынша халық АЭС құрылысын қолдаса, оны кім салатынын сұрады.

«Бұл оңай сұрақ емес. Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөздерді жүргізуге тиіс. Бірақ менің жеке көзқарасым Қазақстанда ең жетекші технологиялары бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі керек. Содан кейінгісін, былайша айтқанда, өмір көрсетеді», - деп жауап берді Тоқаев.

Естеріңізге салайық, бүгін, 6 қазанда ел халқы АЭС салу мәселесі жөніндегі референдумда дауыс беріп жатыр. Бюллетеньде бір ғана сұрақ жазылған: «Сіз Қазақстанда атом электр стансасын салуға келісесіз бе?».

Серіктес жаңалықтары