$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.05.2020, 09:04
Қоғам

Маңғыстау облысында коронавирус тараған ауылдың әкімі қызметінен босатылды

Аймақта барлығы 129 адамнан қауіпті індет анықталды

Маңғыстау облысында коронавирус тараған ауылдың әкімі қызметінен босатылды
Фото: Pixabay.com

Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған тұрғыны көп ауылдың әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарақия ауданына қарасты Сенек ауылында он күннің ішінде 23 жағдай анықталып отыр. Індет алдымен көп адамды жиып, ас берген үйден шыққан. Кейіннен сол жиында болған біраз адамға жұққаны белгілі болды.

«Аядай ауылда карантин ережесін сақтауды қамтамасыз етпегені үшін облыс басшысының шешімімен ауыл әкімі жұмыстан шеттетілді. Ал аудан әкіміне сөгіс жарияланды. Қазір ауылға кіре беріс тұсқа блокпостар қойылып, күзет күшейтілді», - делінген хабарламада.

Вирус көп тараған аудандар арасында Бейнеу мен Қарақия көш бастап тұр. Бейнеу ауданында 37 тұрғыннан КВИ анықталды. Арасында қоғамдық жұмыс өкілдері мен дәрігерлер де бар.

Қазір бұл қос ауданда карантин режимі күшейтілген. Отбасылық жиын жасауға қатаң тыйым салынған.

Жалпы, 3 наурыздан бастап аймақта 11 186 адам коронавирусқа тексеріліп, індет 129 адамнан анықталды.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында карантин мамырдың 25-іне дейін ұзартылды.

Серіктес жаңалықтары