03.10.2024, 09:53
Қоғам
Денис Шипп Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды
Бұған дейін ол Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болған
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Парламент Сенаты Денис Шиппті Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Денис Шипптің кандидатурасын Қазақстан президенті ұсынған.
Сенат комитеті Жоғарғы соттың жаңа судьясының кандидатурасын қарап, кейін палата отырысына шығарды.
Айта кетері, Денис Шипп ұзақ жылдар сот жүйесінде қызмет еткен. 2015-2021 жылдары Жоғарғы сот судьясы қызметін атқарды. 2021 жылғы 7 маусымнан 2024 жылғы 19 қыркүйекке дейін Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты