$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.09.2024, 14:42
Қоғам

Үлкен ауылында АЭС салына бастағаны рас па – әкімдіктің жауабы

Желіде осындай мәндегі видео тараған

Үлкен ауылында АЭС салына бастағаны рас па – әкімдіктің жауабы
Фото: Жамбыл ауданы әкімдігінің Instagram парақшасынан

Алматы облысының Үлкен ауылында атом электр станциясының құрылысы басталды деген ақпарат – жалған. Бұл туралы Жамбыл ауданының әкімдігі мәлімдеді, хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Үлкен ауылында АЭС құрылысы басталды деген ақпарат тарап жатыр. Бірақ Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігі мұны жоққа шығарды.

«Бейнероликте, болжам бойынша, “Google Maps” онлайн сервисы арқылы құрылыс объектілері көрсетіледі. Ондағы нысандардың атом электр стансасы екені шындыққа жанаспайды. Бейнежазбадағы нысан – 2011 жылы Балқаш жылу электр орталығы құрылысы жобасын жүзеге асыру кезінде салынған инфрақұрылым. Жобада көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциясын салу көзделген. Жоба аясында тиісті инфрақұрылымның, соның ішінде жұмысшыларға арналған тұрғын кенттің құрылысы басталды», - делінген ресми хабарламада.

Алайда 2014 жылы «Балқаш жылу электр орталығы» жобасы тоқтатылған.

Аудан әкімдігі онлайн-сервистің картографиялық деректеріне түзету енгізу және жалған ақпараттың одан әрі таралуына жол бермеу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне өтінім жіберген.

Естеріңізге салайық, биыл 6 қазанда елімізде атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдум өтеді. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АЭС