Жасы 114-те: Қазақстандағы ең қарт адам қай облыста тұрады

Azattyq Rýhy

Еліміз бойынша 100 жастан асқан 423 адам бар

Жасы 114-те: Қазақстандағы ең қарт адам қай облыста тұрады
Фото: istockphoto.com

Қазақстандағы ең көп жасаған адам Ұлытау облысында тұрады. Ақ жаулықты әже биыл 114-тен асқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еңбек министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 100 жастан асқан 423 адам бар.

«Қариялардың көбі еліміздің оңтүстік өңірлерінде тұрады. Мәселен, Түркістан облысында 100 жастан асқан 64 адам бар. Ал, Алматы қаласында ғасыр жасаған қариялар саны 48 адам. Алматы облысында жүзден асқан 38 қария тұрып жатыр», - деп хабарлады министрлік.

Дереккөзге сүйенсек, ең көп жасаған адам, яғни, 114 жастағы кейуана Ұлытау облысында тұрады. Павлодар облысында 112 жас жасаған бір қария, Түркістан облысында 110 жастан асқан бір қария тұрады.

Айта кетейік, ертең, 1 қазан күні әлем бойынша қарттар күні тойланады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.