29.09.2024, 08:20
Қоғам
Шымкентте университет ректоры 28,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Қазір тергеу жүргізілуде
Фото: facebook.com/М.Әуезов атындағы ОҚУ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Мұндай ақпарат әуелі әлеуметтік желілерде пайда болды. Онда оқу орнының тағы екі лауазымды тұлғасы мен екі компанияның басшылары қамауға алынғандығы хабарланған.
Экономикалық тергеу департаментінде ректордың ұсталғаны туралы ақпарат расталды.
«Қазір тергеу жүргізілуде. Тергеудің құпиялылығына байланысты ақпарат жария етілмейді», - деді Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Санат Құлбаев.
Әзірге істің мемлекеттік сатып алулармен байланысты екені ғана белгілі.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 16:02
Павлодарда дәрігерлер пойыз астына түскен жас жігіттің бір аяғын кесіп алып тастады: ол бәрібір қайтыс болды
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады