$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.09.2024, 08:45
Қоғам

Қарағандыда қаржылық пирамида құрғандар сотталды

Сотталушылар 7 жәбірленушіге 108 миллион теңгеден астам залал келтірген

Қарағандыда қаржылық пирамида құрғандар сотталды
Фото: istockphoto.com

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты 2019-2022 жылдар аралығында «Life is good Hermes Management Ltd» атты қаржылық (инвестициялық) пирамида құрған Л.-ға қатысты істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy аудандық сотқа сілтеме жасап.

Сот айыпталушының аса ірі көлемде ақша тарту арқылы қаржылық пирамиданы басқарғанын анықтады. Тергеу мәліметтері бойынша, Л. 30 адамды пирамидаға тартқан, оның ішінде 7 жәбірленушіге 108 миллион теңгеден астам залал келтірген.

Прокурор Л.-ды 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, ал қорғаушы жеңіл жаза тағайындауды ұсынды. Нәтижесінде, сот Л.-ға 7 жылға бас бостандығынан айыру және 5 жылға қаржы саласында басшылық қызмет атқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары