27.09.2024, 10:40
Қоғам
«Таныс-тамырын қосып, сотқа ықпал етпекші»: Жұлдыз Әбдікәрімова әділ сотқа сенетінін айтты
Ол соттың жария өткенін қалап отыр
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзін алдап кеткен адаммен нақты соттасатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Сот болады. Менің қорғаушыларым қобалжып жатыр. Қарсы тарап таныс-тамырларын қосып, сотқа ықпал етпекке әрекет етіп жатыр. Қанша жерден дөкейлерін қосып, тырнағын батырғысы келсе де, мен әділ сотқа сенемін. Ол адамның кім екенін айтып, не үшін соттасып жатқанымды айтып беремін. Заңгерлеріммен ақылдасып істейміз», - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Осыған дейін актриса жақын адамы іш-бауырына кіріп, құжаттарға қол қойдырып, оңдырмай алдап кеткенін жазған еді.
Көп оқылған
13.08.2026, 10:25
Шымкенттегі «Жайлаукөл» саябағында аттракционнан қыз бала құлап, қолын сындырып алды (ВИДЕО)
13.08.2026, 17:45
35 жеріне пышақ сұққан: Нұрай Серікбайды аяусыз өлтірген Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
13.08.2026, 11:25
Шымкентте аттракционда болған оқыс оқиғаға: полиция қылмыстық іс қозғады