$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.05.2020, 03:40
Қоғам

Шымкентте карантин 25 мамырға дейін ұзартылды

Қаланың кіреберістерінде 18 блокпост жұмыс істеп тұр

Шымкентте карантин 25 мамырға дейін ұзартылды
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте карантинге байланысты шектеулер 25 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Елімізде бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі алынғанымен, пандемияның кең таралуына жол бермеу мақсатында шаһарда карантин тәртібі сақталады. Қазіргі таңда қаланың кіреберістерінде 18 блокпост жұмыс істеп тұр. Барлық жағдай қатаң бақылауға алынып, карантин талаптары біршама жеңілдетілуде. Шымкент қаласы аумағында карантин тәртібі 25 мамырға дейін сақталады. Қоғамдық көліктер таңғы 07:00 мен кешкі 21:00 аралығында тиісті санитарлық нормаларды сақтай отырып жүре бастайды», - деді ол.

Ербол Садырдың айтуынша, қала аумағындағы базарлар 12 мамырдан бастап 10:00-ден 18:00 аралығында жұмыс істейді. Тек автокөлік базары мен мал базарлары ашылмайды.

Серіктес жаңалықтары