$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина қаншалықты қауіпсіз – маман жауап берді

Балада эмоционалды реакция болу мүмкін 

Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина қаншалықты қауіпсіз – маман жауап берді
Фото: freepik.com

Фармакологиялық бақылау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын мониторингтеу департаментінің басшысы Мәлік Әбдірахманов бұл вирусқа қарсы вакцина – басқа екпелермен салыстырғанда кері әсері ең аз тіркелген вакцина екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинаның кері әсері өте сирек кездеседі. Балада эмоцоналды реакция болуы мүмкін. Сондықтан, пациентті тыныштандырып, психологиялық жайлы жағдай қалыптастыру керек. Эмоциналды реакциядан бала талып қалуы мүмкін. Оған медициналық көмек қажет емес. Баланы жатқызып не болмаса отырғызып салған дұрыс. Бастысы қорықпау керек. Адам папиломасы вирусына қарсы вакцина басқа вакциналарға қарағанда ең қауіпсіз екпе», - деп жауап берді ШЖК РМК Фармакологиялық бақылау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын мониторингтеу департаментінің басшысы Мәлік Әбдірахманов.

Мамандар елімізде адам папиломасы вирусына қарсы вакцинаны алған 1600 қыз балада дәріден болған кері әсер болмағанын айтты.

Айта кетсек, Қазақстанға адам папиломасы вирусына қарсы вакцина Гардасил АҚШ-тан келіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары