$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.09.2024, 16:43
Қоғам

Ербаянның әжетханада құлағанын көрген куәгерлер бар – Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары

Тергеу әлі жүріп жатыр

Ербаянның әжетханада құлағанын көрген куәгерлер бар – Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары
видеодан скриншот

Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Қайрат Үмбетов Ербаян Мұхтардың әскерде жүріп комаға түскеніне ұрып-соғу себеп болды деп айту әлі ерте екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сіз де, басқасы да оны (Ербаян Мұхтарды – автор) ұрып-соқты деп айтуға қақысы жоқ. Сарбаз 2:15-те оянып, әжетханаға барған, оның құлағанын көрген куәгерлер бар. Қазір ІІМ әскери-тергеу органдары тергеу жүргізіп жатыр. Сол себепті Ербаян Мұхтарды әлдекім ұрды деп айту қазір ерте. Сарбаз тәуір болып келеді, есін жинап жатыр. Егер бұл фактілер расталса, онда осылай деп айта аламыз», - деді Үмбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Естеріңізге салайық, былтыр желтоқсан айында Алматыдағы 5571 әскери бөлімнің ұлттық гвардиясында қызмет еткен Ербаян Мұхтар комаға түскен болатын. Әскери бөлімдегілер оның әжетханада құлап, басын плиткаға соғып алғанын айтып, бұл оқиғаны жазатайым жағдай деп түсіндірген. Алайда туыстары бұған сенбейді. Қазір ата-анасы Ербаянды шетелге емге әкетуге қам жасап жатыр.

Осы уақытқа дейін халық Ербаян Мұхтардың еміне 230 млн теңге жинап берген. Ербаянның мына суретінде оның әскерге енді барған кезі, екінші кадрда қазіргі хәлі бейнеленген. 

Серіктес жаңалықтары