$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.09.2024, 13:31
Қоғам

Қазақстанда қарапайым учаскелік инспектор жалақысы жоғары лауазымдардың бірі – Лепеха

Оның айтуынша, қазір учаскелік инспекторлардың табысы өте жақсы

Қазақстанда қарапайым учаскелік инспектор жалақысы жоғары лауазымдардың бірі – Лепеха
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Келесі жылы бірінші қаңтардан бастап кейбір полиция қызметкерлерінің жалақысы өседі. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, Ұлттық экономика министрлігі тиісті ұсыныс дайындаған.

«1 қаңтардан бастап жалақы көтеріледі. Оперативті қызметке кірмейтін қызметкерлердің жалақысы оперативті қызметтің деңгейімен теңестіріледі. Мен есептеулерді қарап шықтым, жалақы әжептәуір өседі», - деді Лепеха сенат кулуарында.

Осы орайда журналистер одан өз жалақысы мен қарапайым учаскелік полицейдің айлығын сұрады.

«Қазір қарапайым учаскелік инспектор – жалақысы жоғары лауазымдардың бірі. Өкінішке қарай, учаскелік инспекторлар облыстық бөлімшелерге, тіпті ішкі істер министрлігіне жұмысқа тұрғысы келмейтін картинаны байқап отырмыз. Тіпті бізде Әкімшілік полиция комитетінің бірнеше қызметкері учаскелік инспектор қызметіне ауысып кеткен. Бірақ енді бұл жерде жауапкершілік деңгейі, жүктеме тұрғысынан салыстырғанымыз дұрыс шығар. Министр, министрдің орынбасары мен учаскелік инспектордың жалақысы бірдей болмайтыны түсінікті. Бірақ әзірленген градацияға сәйкес, айлық толығымен сай келеді деп санаймын», - дейді ІІМ басшысының орынбасары.

Серіктес жаңалықтары