Халықтық штаб өкілдері колледж студенттерімен кездесті
Павлодар облыстық халықтық штабы халықпен жұмыс істеген бірінші аптаны қорытындылады
Халықтық штабтың өңірлік өкілдері Есік қаласындағы колледжге және Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе кентіне барып қайтты. Сондай-ақ Павлодар облыстық халықтық штабы халықпен жұмыс істеген бірінші аптаны қорытындылады, хабарлайды Azattyq Rýhy халықтық штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облыстық Халықтық штаб Есік қалалық гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерімен кездесті. Өңірлік Халықтық штаб мүшесі Бағдат Рахимов АЭС салудың Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы бар екенін ерекше атап өтті.
«Қазіргі таңда еліміздегі электр энергиясының 70%-ға жуығы көмірден алынады. Бұл біздің экологиямызға үлкен зиян келтіруде және энергетика саласындағы тәуелділігімізді арттыруда. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 152,4 миллиард кВт/сағатқа жетеді, ал қолданыстағы стансалар бұл қажеттілікті өтей алмайды. Біз қазірдің өзінде Ресейден қымбат электр энергиясын сатып алуға мәжбүрміз, бұл біздің энергетикалық тәуелсіздігімізге қауіп төндіреді. АЭС салу – осы мәселелерді шешудің жалғыз тиімді жолы. Бұл біздің экологиялық таза және тұрақты энергетикаға қадам жасауымыздың белгісі, әрі болашақ ұрпаққа қауіпсіз және сенімді энергия көзін қалдырамыз», – дейді Бағдат Рахимов.
Кездесуде АЭС құрылысының қауіпсіздік шаралары да сөз болды. АЭС үшін қолданылатын III және III+ буын реакторларының қауіпсіздігі жоғары стандарттарға сәйкес келеді, және олар апаттардың алдын алу үшін арнайы жүйелермен жабдықталған. Студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берген Халықтық штаб мүшелері олардың күдіктерін сейілтуге тырысты.
Ал Халықтық штабтың тағы бір мүшесі Гүлнар Құраметова алдағы референдумда АЭС құрылысына қолдау білдірудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
«АЭС салу – бұл тек энергия тапшылығын шешу ғана емес, сонымен қатар еліміздің ғылыми және технологиялық әлеуетін арттыру жолындағы үлкен қадам. 6 қазан күні өтетін Республикалық референдумда әрқайсымыздың дауысымыз маңызды. Бұл – біздің болашаққа деген жауапкершілігімізді көрсетудің сәті. Біз әрбір азаматты АЭС салуға қолдау көрсетуге шақырамыз, себебі бұл жоба тек электр энергиясын өндіру ғана емес, жаңа жұмыс орындарын ашып, инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. АЭС – Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігі мен экологиялық таза болашағының кепілі», – дейді Гүлнар Құраметова.
Кездесу соңында студенттер мен оқытушылар АЭС құрылысының маңыздылығы туралы өз пікірін білдірді. Жастар атом электр стансасының ел экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігіне тигізер пайдасы туралы сұрақтар қойып, өз көзқарастарын ашық айтты.
Сонымен қатар, бүгін аймақтық және қалалық Халықтық штаб өкілдері Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, пікірлесті. Онда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауынан туындаған мақсат-міндеттер сонымен қатар елімізде АЭС салу мәселесі жөнінде кеңінен ақпарат берді.
«Қазіргі көптеген мемлекеттер мұнай мен көмір жағу арқылы электр қуатын өндіруде. Біздің елде де дәл солай. Дегенмен, өндірілген электр қуатының мөлшері сұранысты толық өтемейді. Сондықтан, әлемнің озық елдері атом энергиясын қолдану бұл мәселеге нүкте қойып отыр. Ғалымдардың электр қуатына сұраныс жыл сайын 3 пайызға артуда. АЭС салу арқылы біз өз қажеттіліктерімізді жабамыз деп отыр. Бүгінде көрші Ресей, Қытай, Франция мен Жапония, АҚШ елдері атом энергиясын кеңінен дамытуда. Біздің елде де міне алғы шарты жасалып жатыр»,- деді ауылдағы ағайынмен пікір алмасу барысында қалалық штаб төрағасы Ибадулла Құттықожаев.
Жалпы тұрғындарды алаңдатып отырғаны оның қауіпсіздігі. Жиын барысында штаб мүшелері әрбір сауалға тұщымды жауап берді.
Сондай-ақ, Павлодар облыстық халықтық штабында атом электр стансасының құрылысы бойынша өткен күндері халықпен жұмыс істеген сарапшылар тобының жұмысының бірінші аптасының қорытындысы шықты.
Жұмыс аптасының қорытындысы бойынша кездесуге Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов, сондай-ақ «Атамекен» ӨКП кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрлан Нәбиев қатысты.
Штаб басшысы Илья Теренченко барлық саяси партиялар, «Атамекен» палатасы, Жоғары оқу орындары, ірі қоғамдық ұйымдар мен қоғамдық пікір көшбасшылары бірден кіретін штабқа жас депутаттар қауымдастығы, іскер әйелдер қауымдастығы және басқа да бірлестіктер қосылғанын атап өтті.
«Кәсіпкерлер палатасымен бізде 200 бизнес субъектісінің қатысуымен үлкен іс -шара жоспарланған», - деді ол.