Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған әйел дені сау сәби босанды

Баладан коронавирусқа алынған тест теріс нәтиже көрсетті

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған әйел дені сау сәби босанды
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда дәрігерлер жүкті әйелді коронавирустан емдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Науқас КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес толық ем алды. 9 мамыр қарсаңында әйел адам дені сау сәбиді дүниеге әкелді. Ана мен баланың Covid-19 тест нәтижесі теріс. Бұл елорда тұрғынының үшінші баласы.

«Әйел адам босанғанға дейін екі күн бұрын Covid-19 нәтижесі теріс болғанына қарамастан, баланың құрсақта коронавирус жұқтырып алу қаупі болды. №1 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік блогының бригадасы гинеколог-дәрігер Владимир Калашников, неонатолог-дәрігер Татьяна Евтюшкина және акушер Гаухар Дүйсенбаева, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері екі адамның өмірі үшін күресті. Нәтижесінде, сәбидің дені сау, COVID-19 талдау нәтижесі теріс. Қазір ана мен бала өздерін жақсы сезінеді», - деп хабарлады елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кету керек, елордада короновирусты 1053 адам жұқтырды. 382 науқас індеттен сауықты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.