10.05.2020, 16:56
Қоғам
Елорда әкімдігі: 11 мамырда мекемелер жұмысын қайта бастайтыны туралы ақпарат - жалған
Әкімдік жалған ақпаратқа сенбеуді сұрады
Фото: ашық дереккөзден
Мессенджерлерде 11 мамыр мен 15 маусым аралығында жұмысы қайта басталатын мекемелер туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз. Барлық жаңалықтар жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында, ал мемлекеттік комиссияның шешімі Премьер-министрдің сайтында жарияланады», - деп жазды ол.
Оның айтуынша, 11 мамыр күні елорда бұрынғыдай карантин режимінде өмір сүре береді. Тек рұқсат берілген кәсіпорындар ғана жұмысын бастайды. Блокпостар алынбайды және 11 мамырда қоғамдық көлік іске қосылмайды.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы