12.09.2024, 11:20
Қоғам
Алматы облысында тарих мұғалімі оқушыны сабақ кезінде сабаған (ВИДЕО)
Мектепте қызметті тексеріс жүреді
видеодан скриншот
Балалар тарих пәнінен беретін ер мұғалімінің оқушыға қол көтергенін видеоға түсіріп алған. Оқыс оқиға Алматы облысының Көктерек ауылындағы №21 мектебінде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Балалардың айтуынша, ер мұғалім оқушыларға сабақ үстінде қол көтерген. Осындай оқиғаның бірі видеоға түсіп қалған. Видео әлеуметтік желіде тез таралды. Мектепте қызметтік тексеріс жүретін болды.
«Іле аудандық Білім бөлімі Көктерек ауылындағы №21 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі жұмысынан босағанын хабарлайды. Жұмыстан босатуға мұғалімнің педогика этикасын сақтамау, сегізінші сынып оқушысына күш қолдану арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдалануы себеп болды», - деп хабарлады облыс әкімдігінен.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды