$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бапкер Астанада қыздарға «төбелесуді» үйрететін орын таппай жүр (ВИДЕО)

Нұрлан Байлин ММА дәрежесіндегі бапкер

Бапкер Астанада қыздарға «төбелесуді» үйрететін орын таппай жүр (ВИДЕО)
Фото: https://www.instagram.com/p/C_clBCjuTLF/

ММА бойынша бапкер Нұрлан Байлин Астанада қыздарды тегін жаттықтыратын ғимарат таба алмай жүргенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біздің қоғамда әйелдерге деген көзқарастың қаншалықты жаман екеніне енді көзім жетіп отыр. Жаз бойы мен әйелдерге өзін-өзі қорғау бойынша тегін жаттығу өткіздім. Қазір күн суытып кетті, бір ғимаратты жалға алғым келген. Менің таныстарымның өзі «бауырым, түзу жолдан тайып кеттің» деп жатыр. Мен түзу жолдан таятындай не істедім? Нашақорлыққа салындым ба, лудоман болып кеттім бе, ішімдікке тәуелді болдым ба? Қыздар өздерін қорғай алсын деп жаттықтырдым. Мәселен, мен спортшы болсам да, қарындасымның қасында болмай қалған кездері өз-өзін қорғай алса деймін. Бар ойым осы», - дейді ол.

Спортшының айтуынша, жаттығып жүрген қыздар «төлем енгізіп, жақсы жерде жаттығайық» деп айтқан.

«Мен мақсатты түрде олардан ақша алмаймын. Біз ғимарат табамыз. Қоғам қыздарды осыншама жек көре ме? Мен қыздарды сыйлап, құрметтейтін спортшылардың ортасында өстім», - дейді Байлин.

Серіктес жаңалықтары