$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.05.2020, 02:06
Қоғам

960 мың қазақстандық 5,3 млрд теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтыққа төлем алды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төтенше жағдай кезінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтықты алушылардың тізімі кеңейтілді

960 мың қазақстандық 5,3 млрд теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтыққа төлем алды

Осы жылдың 6 мамырдағы жағдай бойынша 960 мың қазақстандық жалпы сомасы 5,3 млрд теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем алды, деп хабарлайды  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік көмектің бұл түрін келесі санаттағы азаматтар алады:

– атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы, оның ішінде көпбалалы отбасылардың 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары;

– медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

– медициналық, әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;

– мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар;

– жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.

Аталған көмек түрін алушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар тарапы жасайды.

Наурызда 266 мың адам жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгенің төлеміне ие болды.

Серіктес жаңалықтары