$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.08.2024, 21:28
Қоғам

Семейде көлігіне тыйым салынған сигналды орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды

Көлік құралы арнайы айып тұрағына орналастырылды

Семейде көлігіне тыйым салынған сигналды орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: Абай облысы ПД

Абай облысының полициясы жедел қызметтердің арнайы сигналын пайдаланғаны үшін G-Wagen жүргізушісін жауапқа тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Семей қаласының патрульдік қызметкерлері Mercedes-Benz G-класты маркалы автокөлікті тоқтатты, капот астындағы кеңістікті көзбен шолып тексеру кезінде 27 жастағы жүргізушіде орнатуға рұқсаты жоқ СГУ орнатылғаны анықталды.

«Жас жігіт жасаған әрекеттері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабының 2-бөлігі бойынша "көлік құралында арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтердің автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз қолдану" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Көлік құралы арнайы айып тұрағына орналастырылды.

Әкімшілік материал мамандандырылған әкімшілік сотта қаралды, онда жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары